Меню

2023 жылғы 15-16 қарашада Алматы қаласында 10-шы халықаралық  «EdCrunchX» конференциясы өтті

«Барлығына бірдей қол жетімді сапалы білім алуға қол жеткізу» атты конференцияға АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея, Ресей, Германия, Түркия, Финляндия спикерлері шақырылды.

Конференцияның бағдарламасы келесі бөлімдерге бөлінген: EdCrunchSTAGE, ерте балалық шақ, мектептегі білім және жоғары білім.

Біздің арнайы балабақшаның директоры А.Б.Кенжегараева «Ерте балалық шақ» бағытында тыңдаушы болды, онда балаларды  дамыту сайттарының әзірлеушілері, балабақшаларға арналған мектепке дейінгі онлайн-академияларының негізін қалаушылар, заңгерлер, психологтар, логопедтер өз тәжірибелерімен бөліскен.

Ұйымдастыру форматы алуан түрлі болған: баяндамалар, шеберлік сабақтары, кейс-сессиялары, дебаттар, батылдар.
№4 арнайы балабақша директоры  педагогикалық  ұжымымен конференциядан алған әсері мен ақпараттарымен бөлісіп, ерекше білімді қажет ететін балаларға шетелдік жаңа әдіс тәсілдерді оқу тәрбие үрдісінде тиімді қолдануды ұсынды.

487785996_2350372215357306_7871653745256397839_n
487810139_2350372408690620_8306063637465858582_n
488182146_2350372488690612_8255367855495406147_n
487543243_2350372528690608_8179379528497737297_n
487389925_2350372252023969_3696462355586164124_n

Жаңалықтар

06 шілде 2025, 12:16
Астана Күнімен!
27 маусым 2025, 07:22
«Жаз да келді көңілді!»
27 маусым 2025, 07:19
Күн сәулесінен қорғану

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84