Меню

Біліктілікті арттыру курсы (Тулебаева А.Н.)

№4 арнайы балабақша тәрбиешісі Тулебаева А.Н. ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты (72 сағат) 17.04-27.04.2023ж аралығында мемлекеттік курстан өтті.

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйым педагогінің ойын құзыреттілігін дамыту».

Педагог курстан кейінгі сүйемелдеуді енгізу бойынша  семинар-практикум өткізді Кері байланыс таныстырылым және топтық жұмыс түрінде өтті.

Семинар-практикумның тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйым педагогының ойын құзыреттілігін дамыту туралы».

Іс-шараның мақсаты: курста алған теориялық және әдістемелік білімдерімен педагогтермен бөлісу, педагогикалық үдіріс барысында қолдану. Семинар-практикум барысында педагогтер балалар ойынының заманауи түсінігімен, білім берудің геймификациясымен танысты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру міндеттерін шешу үшін педагогтердің ойын және IT-құзыреттіліктерін дамыту туралы айтылды.

Сюжеттік, дидактикалық ойындарды және ерте және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ережелері бар ойындарды (соның ішінде ЕББҚ бар балаларға) қолдана отырып, педагогикалық процесті жоспарлау бойынша тұтас көзқарас қалыптастырылды. Спикер мектепке дейінгі топтың пәндік-кеңістіктік даму ортасын және ойынды ұйымдастырудағы педагогтің рөлін ескертті. Мультфильм жасаудың әдістері мен алгоритмін қарастырды. Көшпелі практикалық сабақтар барысында ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекеттерін бақылаудың чек-парақтарын пайдалана отырып, ойындарды ұйымдастыру мен өткізуге талдау жасалып, курс материалдары педагогтерге үлестірілді.

487086823_2345815265813001_479752267839323445_n

Жаңалықтар

06 шілде 2025, 12:16
Астана Күнімен!
27 маусым 2025, 07:22
«Жаз да келді көңілді!»
27 маусым 2025, 07:19
Күн сәулесінен қорғану

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84