Меню

«Жанашыр Жүрек»

Бүгін, №4 арнайы балабақшасының оқу тәрбие жұмысының жылдық жоспары және Республика күнін мерекелеу шеңберінде «Жанашыр Жүрек» халықтық акциясын өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, ашық есік күні өткізілді.

Мақсаты: Ата-аналарға бала тәрбиесінде көмек беріп, балабақша жұмыс ретімен танысуға мүмкіндік беру. Балабақшаның, топтың 1 күндік тынысымен танысу.

Балаларының дамуы бойынша сұрақтарына жауаптарын алу, ата-аналардың қажеттіліктерін, сұраныстарын қанағаттандыру.

Балабақшада ұйымдастырылған Ашық есік күнінің бағдарламасы бойынша, арнайы мамандардың түзете-оқыту сабақтарына ата-аналармен бірге, Маңғыстау облысының білім басқармасының балалардың құқықтарын қорғау, арнайы және инклюзивті бөлімнің бас маманы Самал Мәлікқызы және «Луара» Қоғамдық Қорының директоры Лаура Аралбайқызы қатысты.

Ата-аналар өз балаларының жұмыстарын көріп, педагогтерге оң баға беріп, балабақша ұжымына ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Дөңгелек үстелде барлық қатысушылар өздерінің ой-пікірлерімен алмасып, ұсыныстарын білдірді.

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84