2022 жылдың, қазан айында «Mahataev.kz» - Мұқағали әлемі білім порталы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын өскелең ұрпақ арасында насихаттау, балалардың өлең оқуға ынтасы мен талабын ашу, көркемдік шеберлікті шыңдау мақсатында Республикалық «Мақатаев оқулары» байқауын ұйымдастырды.
Бұл байқауға №4 арнайы балабақшасынан мектепалды топ тәрбиеленушісі Мухамбетов Арлан қатынасып, М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін жатқа оқып, І орынды иеленді.
Жетекшілері: мұғалім-логопед Гусева Н.А. және тәрбиешісі Лукпанова Г.Р.