Меню

Санғаным Алтынбекқызы - өз жұмысын терең меңгерген, мектепке дейінгі білім берудің әдіс-тәсілдерін толық игерген маман

Өз жұмысына өте тиянақты, баланың психологиясын түсінетін, бала ұжымын ұйымдастыра білетін педагог ретінде өзін таныта білді. Педагогикалық процесті ұйымдастыруда, оны  өткізуде түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақты тартымды өткізеді. Балаларының білімі, жас шамаларына сай, бағдарламада көрсетілген талаптарға сәйкес. Мерекелік іс-шараларды жоғары дәрежеде өткізіп, ата-ана ілтипатына ие болып жүр. Өз педагогикалық жұмысын бір жүйеге ыңғайластырып, әрдайым өз білімін жетілдіріп отырады. Өзі қызмет ететін топ әсем безендіріліп, балалардың  ойын іс-әрекетіне барлық жағдай жасалған.

Санғаным Алтынбекқызы өз тәжірибесімен алмасу мақсатында арнайы түзету мекемелерінің жас мамандарына арналған «Бала тәрбиесіндегі ойынның маңызы» - атты әдістемелік нұсқау дайындап шығарды.

Ол өзінің еңбек жолында түзету педагогикасын мектепке  дейінгі педагогикамен ұштастыра отырып, ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс барысын жақсы жолға қоя білді.

2018 жылы №4 арнайы балабақшасының тәрбиеші Санганым Алтынбекқызы осы ұжымдағы еңбек нәтижелерін ескере отырып ҚР Білім және ғылым министірлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

2021 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасы «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Биыл Санғаным Алтынбекқызы мерейлі 60 жасқа толды.  Ардақты ұстазға мықты денсаулық, шыдамдылық және сәттілік тілейміз!

1

Жаңалықтар

13 мамыр 2025, 06:32
Хабарландыру
12 мамыр 2025, 06:24
«Мақатаев оқулары»
07 мамыр 2025, 06:20
«Біз Отанның сарбазы»
01 мамыр 2025, 06:02
«Достығымыз жарасқан»

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84