№4 Арнайы балабақшасының жаңа оқу жылындағы №1 Педагогикалық кеңесінің отырысы өтті
Педагогикалық кеңестің тақырыбы: «Жылдық жоспар міндеттемелерімен таныстыру, бекіту».
Күн тәртібінде төмендегі сұрақтар қарастырылды:
- Жазғы сауықтыру кезеңі туралы есеп. Педагогикалық кеңестің құрамын бекіту, хатшысын сайлау.
- Балабақшаның педагогикалық ұжымына 2022-2023 оқу жылының жылдық жоспарымен, оқу жоспарымен, ұйымдастырылған оқу қызметінің жүктемесімен, перспективтік жоспармен, балалардың күн тәртібімен таныстыру, бекіту.
- Жаңа нормативтік құжаттармен таныстыру, талқылау.
- Бейне-көрме. Топтардың оқу жылына дайындығы.
- Әр түрлі сұрақтар.