Меню

«Ризашылық - мейірімділік бұлағы»

Әр адам өз өмірінде мейірімді, жанашыр достардың, жүректі жылытатын сөздер мен жағымды істердің болғанын қалайды. Жыл сайын ақпан айында дүниежүзілік «Ризашылық - мейірімділік бұлағы» күні атап өтіледі. Бұл күні біздің №4 арнайы балабақшасы осы мерекеге арналған тақырыптық іс-шаралар өткізілді.

Барлық жас топтарында әңгімелер, ойын оқыту жағдайлары, ситуациялық әңгімелер өткізілді. Тәрбиешілер бір неше күні бойы балалардың назарын өз құрдастарының жасаған игі істеріне, іс-әрекеттеріне айтқан сөздеріне аударды.

Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларымен «Мейірімділік әлемі» атты коммуникативтік тренинг өткіздік. Тренингтің мақсаты адамның маңызды қасиеті ретінде мейірімділік туралы қарапайым идеяларды қалыптастыру болды. Балалар жасаған игі істерін еске алып, алдағы уақытта міндетті түрде анасына көмектесуге уәде берді.

Топтарда «Мейрімділік бала көзімен» тақырыбында тақырыптық оқу – қызметі өткізілді.

«Жақсылық бала көзімен» атты балалар мен ата-аналардың бірлескен суреттер көрмесі» және «Менің отбасым» фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Жауапкершілік, жанашырлық, жомарттық, достық, махаббат, тектілік сияқты істермен біз балаларымызды жақсылық жасауға үйрететінімізді есте ұстаған жөн. Айналада тек жақсы сөздер айтылса, ал Жүректе мейірімділік ұшқыны пайда болады.

Жаңалықтар

01 мамыр 2025, 06:02
«Достығымыз жарасқан»
01 мамыр 2025, 05:59
«Ұлттар достығы»
30 сәуір 2025, 06:06
«Әжемнің ертегісі»

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84