Меню

«Біздің табиғат бұрышымыз» байқауы өтті!

№4 арнайы балабақшасында топтар арасында балаларға табиғатты аялауды, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды үйрету және педагогтердің шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Біздің табиғат бұрышымыз» атты байқау өткізілді.

Байқау барысында қатысушылар өз топтарындағы табиғат бұрыштарын таныстырып, олардың әсемдігімен, ерекшелігімен және жаңашыл идеяларымен бөлісті. Әрбір топтың еңбегі мен ізденісі ерекше бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

І орын – Мұхамбетова Анастасия Валерьевна
ІІ орын – Лукпанова Гульмира Рафиковна
ІІІ орын – Тулебаева Айгерим Нояновна

«Жаңашылдыққа жол бастаған педагог» номинациясы – Қаржауова Жаныл Маратовнаға табысталды.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына марапаттар табысталды!

Барлық педагогтерді шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, шығармашылық ізденістеріңіз табысты болсын! Табиғатқа деген сүйіспеншілікті балалардың бойына сіңіріп, жас ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ақтау Арнайы Балабақша (@aktau_sds4)


«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84