№4 арнайы балабақшасының барша ұстаздарын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұстаз – бала жүрегіне жол тауып, оның бойына білім мен тәрбиенің дәнін себетін, әр баланың кішкентай жетістігін үлкен қуанышпен қабылдайтын аяулы маман. Әсіресе ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасау – үлкен жүректі, сабырлылықты, мейірімділік пен жауапкершілікті талап ететін ерекше еңбек.
Мерекелік шара барысында жас мамандарымыз ұстаздарға арнап жүрекжарды өлең жолдарын оқып, ізгі тілектері мен жылы лебіздерін білдірді. Әріптестерімізге деген құрмет пен алғыстарын өлең арқылы жеткізіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ұстаздардың еңбегі – ұрпақ болашағына қосылған үлкен үлес. Әр баланың бойындағы кішкентай өзгерістің өзі – сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің нәтижесі.
Барша ұстаздарға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!
Шәкірттеріңіздің жетістігі мен алғысы сіздерге әрдайым қуаныш сыйласын!
Абыройларыңыз асқақтап, еңбектеріңіз еленіп, құрметке бөлене беріңіздер!