Меню

«Отбасы күні!» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді

№4 арнайы балабақшасында 2026-2027 оқу жылының, оқу кезеңі басталды. Балабақшаның жылдық жоспарына және «Адал азамат» біртұтас бағдарламаның медиа жоспарына сәйкес «Отбасы күні!» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіну; Отбасы мүшелерінің арасындағы, бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.

Күн тәртібінде қаралған сұрақтар:

1. 2026-2027 оқу жылының балабақша туралы мәліметі, ата-аналар комитетін сайлау. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру. Директор - А.Б.Кенжегараева
2. Педагогтердің ұйымдастырылған және арнайы түзетуші іс-әрекеттері. Диретордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары - Тәңірберген Н.Б.
3. Балабақша күн тәртібімен, тамақтанумен, қауіпсіздікпен, екпе және аурулардың алдын алуымен таныстырды. Медбике - Д.Т.Тулебаева
4. Балабақша психиатры - К.К.Хасанов
5. Балабақша невропатолог - У.А. Калымжановна
6. «Онихофагия» Саусақ терісімен тырнақты тістеу нені білдіреді? «Қиял әлемі» тренинг. Педагог-психолог - М.Э.Нисенбаева.
7. Әр түрлі мәселелер.

Жиналыс соңында ата-аналар өте қажет ақпарат алғандарын айта отырып, арнайы балабақша педагогтеріне ризашылығын білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ақтау Арнайы Балабақша (@aktau_sds4)


«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84