Меню

Практиканың қорытынды күні

Қыркүйек айында №4 арнайы балабақшамызда оқу практикасын өткен студенттер бүгін өз практикаларын қорытындылап, сабақтарын көрсетті.

Практика барысында студенттер арнайы білім беру ортасымен танысып, балалармен жұмыс жасау тәжірибесін жинақтап, алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білді.

Студенттерге бағыт-бағдар беріп, кәсіби тәжірибесімен бөліскен тәлімгеріміз - мұғалім-логопед Чуйшбаева Ауес Сайлаубаевна, педагогикалық еңбек өтілі 25 жыл.

Ұстаздан үйренген әр тәжірибе - болашақ маман үшін үлкен қадам.

Студенттерімізге алдағы оқуына және кәсіби жолына сәттілік тілейміз!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ақтау Арнайы Балабақша (@aktau_sds4)


«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84