№4 арнайы балабақшада әр топ бойынша ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылып, ата-аналар мен педагогтер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды мәселелер талқыланды.
Жиналыс барысында тәрбиеленушілердің тәрбиесі мен жан-жақты дамуы, күн тәртібі, жеке ерекшеліктері, сондай-ақ балабақша мен отбасының бірлескен жұмысының маңыздылығы сөз болды.
Кездесуге тәрбиешілер, логопед-дефектолог мамандар қатысып, балалардың сөйлеу тілін дамыту, түзете-дамыту жұмыстары және баланың жеке қажеттіліктеріне сәйкес ата-аналарға ұсыныстар берді.
Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті кеңестер алды.
Бала тәрбиесі – балабақша мен отбасының ортақ жауапкершілігі. Бірлескен қолдау мен тығыз байланыс – баланың табысты дамуының маңызды негізі!