Меню

Хабарландыру

Маңғыстау облысы білім басқармасының “№4 арнайы балабақша” КММ-сі 2026-2027 оқу жылында ҚР Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығын негізге ала отырып, қажетті уақытша бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды.

Қажетті маман:

  • Тәрбиеші (3- қазақ тілінде).
  • Музыка жетекшісі (1-қазақ тілінде)
  • Бейнелеу пәні (қазақ тілінде)
  • Дефектолог (2 қазақ тілінде)
  • Логопед (2-қазақ тілінде)

Конкурсқа қатысуға ықыласы бар үміткерлер конкурс жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде төмендегі құжаттар тізбесін жинақтап, 26.08.2026 ж. күніне дейін комиссия хатшысы Аққұлова Сағыныш (тел. +7 7081043548) тапсыруларыңыз сұралады.

Мамандарды қабылдау комиссиясының отырысы 27.08.2025ж. күні өткізіледі.

Конкурсқа қатысатын педагогтерге қажетті құжаттар тізімі:

  • 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  • Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  • Педагогтер мен мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020ж. 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
  • Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат;
  • Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санаты.
756612673_17980579167029636_3459186335948384725_n

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84