Хабарландыру
Маңғыстау облысы білім басқармасының “ №4 арнайы балабақша” КММ-сі 2026-2027 оқу жылында ҚР Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығын негізге ала отырып, қажетті уақытша бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды.
Қажетті маман:
- Тәрбиеші (3- қазақ тілінде).
- Музыка жетекшісі (1-қазақ тілінде)
- ДТЖО ДОІЖО
- Логопед (1-қазақ тілінде)
Конкурсқа қатысуға ықыласы бар үміткерлер конкурс жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде төмендегі құжаттар тізбесін жинақтап, 03.08.2026 ж. күніне дейін комиссия хатшысы Нисенбаева Мадина (тел. +7 7783997195) тапсыруларыңыз сұралады.
Мамандарды қабылдау комиссиясының отырысы 04.08.2025ж. күні өткізіледі.
Конкурсқа қатысатын педагогтерге қажетті құжаттар тізімі:
- 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Педагогтер мен мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020ж. 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
- Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санаты