№4 «Арнайы балабақшада» тәрбиеленушілеріміздің қатысуымен «Жайдарлы жаз» тақырыбында спорттық ойындар күні ұйымдастырылды. Балалар көңілді ойындар ойнап, ептілік пен шапшаңдықтарын шыңдап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылығын қалыптастыру.