Меню

«Сүйікті кейіпкерім» тақырыбында шығармашылық іс-шара өтті

Балабақшамызда тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялын ұштау және кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «Сүйікті кейіпкерім» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балалар өздерінің сүйікті ертегі және мультфильм кейіпкерлерін таныстырып, олардың жақсы қасиеттері туралы әңгімеледі. Кейіпкерлердің бейнесін салып, түрлі ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шараның мақсаты – балаларды достыққа, мейірімділікке, батылдыққа тәрбиелеу және көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Балалар белсенділік танытып, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін көрсете білді. Іс-шара қызықты әрі әсерлі өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ақтау Арнайы Балабақша (@aktau_sds4)


«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84