№4 арнайы балабақшасында бүгін 1-маусым Балаларды қорғау күніне арналған «Әрқашан күн - сөнбесін!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мақсаты: «1-Маусым Балаларды қорғау» мерекесін сезіндіру, мерекелік көңіл күй сыйлау; балалық шақтарын бақытты өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге қолайлы орта жасау.
Мерекеге арнайы қатысқан демеушіміз ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкері Азамат Ерікұлы бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, ұлттық киім тігуге арналған маталар дүкенінен сертификат тарту етті. Бұл игі іс балалардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен қолдау болды. Демеушіміздің көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.