№4 арнайы балабақшасының «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының сәуір айының жоспарына сәйкес «Әжемнің ертегісі» тақырыбында, №12 «Қызғалдақ» мектепалды тобында шара ұйымдастырылды.
Балалардың тіл байлығын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру және ертегіге деген қызығушылығын ояту мақсатында «Жеті лақ» ертегісін сахналады.
Шара барысында тәрбиеленушілер ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдап, өз өнерлерін көрсетті. Балалар кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе отырып, сахнада еркін сөйлеуге, бір-бірімен үйлесімді әрекет етуге дағдыланды.
Қойылым арқылы балалар жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, сақтық пен ұйымшылдықтың маңызын түсінуге тәрбиеленді. Сонымен қатар, ертегі желісі арқылы достық, қамқорлық сияқты адамгершілік құндылықтар насихатталды.