№4 арнайы балабақшаның жылдық жоспарына сәйкес сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ұжым қызметкерлері аула аумағын тазалап, гүл отырғызып, қоршаған ортаны көркейту жұмыстарына белсене атсалысты.
Сенбіліктің басты мақсаты - тазалықты сақтау, табиғатты аялау және ұжымдық бірлікті нығайту болды.