Меню

Наурыз келді! Жыл келді! Амал құтты!

Балабақшамызда Наурыз мейрамына арналған мерекелік ертеңгіліктер жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше көңіл-күймен өтуде. Бұл шаралар – халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шаралардың бірі.

Мерекелік ертеңгіліктер барысында балалар әсем ән айтып, мың бұрала би билеп, қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, өз өнерлерін ортаға салуда. Ұлттық киім киген бүлдіршіндердің өнері көрермендерге ерекше әсер сыйлап, мерекенің сәнін арттыруда. Сонымен қатар, ата-аналар да белсенді қатысып, балаларына қолдау көрсетіп, мерекенің көркін қыздыра түсті.

Бұл игі шаралардың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық сезімді қалыптастыру, қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттау, сондай-ақ балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу болып табылады.

Балабақшамыздағы мерекелік іс-шаралар әлі де жалғасуда. Алдағы уақытта да осындай мазмұнды, тәрбиелік мәні зор шаралар ұйымдастырылып, балалардың жан-жақты дамуына өз үлесін қоса бермек. Наурыз мерекесінің шаттығы мен қуанышы әр шаңыраққа құт-береке әкелсін!

654425997_2674535452940979_7475130085956247412_n
654464730_2674535396274318_4073682574249347017_n
654823906_2674535399607651_7702652489362403109_n
656654370_2674535456274312_9097325662176277864_n

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84