Меню

Балабақшада Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар өтуде

Балабақшамызда Наурыз мейрамына арналған мерекелік ертеңгіліктер жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше көңіл-күймен өтуде. Бұл шаралар – халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шаралардың бірі.

Мерекелік ертеңгіліктер барысында балалар әсем ән айтып, мың бұрала би билеп, қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, өз өнерлерін ортаға салуда. Ұлттық киім киген бүлдіршіндердің өнері көрермендерге ерекше әсер сыйлап, мерекенің сәнін арттыруда. Сонымен қатар, ата-аналар да белсенді қатысып, балаларына қолдау көрсетіп, мерекенің көркін қыздыра түсті.

Бұл игі шаралардың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық сезімді қалыптастыру, қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттау, сондай-ақ балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу болып табылады.

Балабақшамыздағы мерекелік іс-шаралар әлі де жалғасуда. 

Алдағы уақытта да осындай мазмұнды, тәрбиелік мәні зор шаралар ұйымдастырылып, балалардың жан-жақты дамуына өз үлесін қоса бермек. Наурыз мерекесінің шаттығы мен қуанышы әр шаңыраққа құт-береке әкелсін! 


«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84