Балабақшамызда 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік ертеңгілік өткізілді. Мерекелік шара барысында тәрбиеленушілеріміз аналар мен әжелерге, аяулы ұстаздарға арнап ән айтып, би билеп, жүрекжарды өлеңдерін тарту етті.
Мақсаты: балалардың анаға деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру, мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу, мерекелік көңіл күй сыйлау.
Барша аналарды, әжелерді және нәзік жандыларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен шаттық тілейміз!