№4 арнайы балабақшада «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» республикалық акциясы аясында мектепалды топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен өрт қауіпсіздігіне арналған іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында балаларға өрт кезінде сақтық шараларын сақтау, эвакуация тәртібі және қауіпсіз мінез-құлық ережелері түсіндірілді. Тәжірибелік бөлімде балабақша қызметкерлері мен аспазшылар белсенді қатысып, бірлесе эвакуациялық жаттығу ұйымдастырылды.
Балалар өрт дабылы кезінде сабыр сақтап, тәртіппен шығу дағдыларын көрсетті. Мұндай шаралар тәрбиеленушілердің өмір қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретуге бағытталған.
Қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік!