Бүгін балабақшамызда ерекше жылы сәттерге толы күн өтті. Тәрбиеленушілеріміз әрбір кабинетке кіріп, балабақшамыздың барлық қызметкерлерін шын жүректен құттықтады.
Бүлдіршіндеріміз директорымызға, әдіскерге, музыка жетекшісіне, дене шынықтыру нұсқаушысына, бухгалтер апайға, аспазшыларға, тәрбиешілер мен тәрбиеші көмекшілеріне алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Балалардың ақжарма тілектері мен шынайы күлкісі – сіздердің еңбектеріңізге берілген ең үлкен марапат. Әрқайсыларыңыздың еңбектеріңіз балабақшамыздың берекесі мен бірлігінің негізі.
Барша ұжымға зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Алғыс айту күні құтты болсын!