Меню

Кеңесінің 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жоспарына сәйкес кезекті отырысы өткізілді

Маңғыстау облысының білім басқармасының «№4 арнайы балабақшасы» КММ әдістемелік кеңесінің 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жоспарына сәйкес кезекті отырысы өткізілді.

Мақсаты: білім беру ұйымында білім беру үдерісінің жаңа және қолданыстағы технологиялар, әдістер, құралдар нысандарын енгізу және жетілдіру.

Әдістемелік кеңес отырысының тақырыбы: Әдіс-тәсілдерді оқыту мен тәрбиелеу процесінде тиімді қолдану арқылы нәтижеге жету жолдары.

Жүргізілу түрі: Презентация

Спикер мұғалім-логопед Б.Турмаганбетова «Түзету жұмыстарында дамыту ойын технологиясының маңыздылығы» тақырыбында баланы тәрбиелеу мен өсіруде ойындардың маңыздылығын ерекше атады.Сондай-ақ жаңа дидактикалық ойындар жиынтығымен бөлісті.

Спикер тәрбиеші О.Ярмұхамедова «Сөйлеуді дамытуға арналған тиімді жаңа жаттығулар» тақырыбындағы баяндамада педагогтердің назарына мнемокесте мен тірек сызбалары бар жаттығуларды ұсынды және спикер Э. Жаймаганбетова «Кітап технологиясын оқыту мен тәрбиелеу процесінде қолдану» тақырыбында балаларды оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде қолданылатын 3D форматтағы кітаптар үлгісін көрсетті.

631372781_17958581820029636_8404315152684524589_n
631872519_17958581817029636_3007691699232738685_n
632059958_17958581823029636_6866656734405131423_n
632062492_17958581808029636_586107300959608292_n

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84