Бұл күн балалардың шат күлкісіне, шынайы қуанышына және ұмытылмас әсерлерге толы болды.
Мереке барысында балалар көңілді ойындарға қатысып, ән айтып, би биледі. Ертегі кейіпкерлері - Аяз ата мен Ақшақардан тәтті сыйлықтар алып, нағыз Жаңа жыл ертегісін сезінді. Әрбір баланың жүзіндегі қуаныш пен таңданыс - біз үшін ең үлкен сый.
Барлық ата-аналарға сенім білдіріп, бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!
Ал кішкентай бүлдіршіндерімізге - әрдайым бақытты болуды, денсаулық пен шаттық тілейміз!
Жаңа жыл құтты болсын!