Тәуелсіздік күнін мерекелеудің әрбір Қазақстандық үшін ерекше мәні мен мағынасы бар. Тәуелсіздік тарихына, оның табыстары мен жетістіктерін құрметтеуге, Отанына адалдық, патриоттық рух қалыптастыруға бағытталған №4 арнайы балабақшада «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының кешенді жоспарына сәйкес «Тәуелсіздік тұғырым!» атты, ересек және мектепалды топтарда тақырыптық ұйымдастырылған іс әрекет өткізілді.
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларда азаматтық негіздері мен патриотизмді қалыптастыру, туған өлке, ел, Отан, мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
- өздері тұратын қала мен ауыл, еліміздің астанасы туралы білімдерін жетілдіру;
- балаларды айналасындағы ересектердің жақсы көретінін, оған әрқашан қамқорлық танытатынын білдіре отырып, өзінің туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту;
- еліміздің жетістіктеріне мақтаныш сезімін, мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, әнұран) құрметпен қарауға тәрбиелеу.