Меню

Фестивальде би, ән бойынша өз өнерін паш еткен біздің балабақшамыздың «Каспий жұлдыздары» би тобы

Маңғыстау облысының «Білім басқармасының білім берудің оқу-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 28-қараша күні ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасындағы «Үміт» облыстық шығармашылық өнер фестивальі өткен болатын. Бұл фестивальде би, ән бойынша өз өнерін паш еткен біздің балабақшамыздың «Каспий жұлдыздары» би тобы өзінің «Қазақтың қос мұрасы» биімен, «Торғай» атты әнімен қатысты.

Балабақшамыздың атынан қатысқан бүлдіршіндерге «Балалар әлемі» дүкенінен әр балаға сертификат табысталды. Балалар мен педагогтер және ата-аналардың да қуаныштарында шек жоқ.

Тәрбиеленушілеріміздің өнерлері өрге жүзе бергей!

594058848_2574731782921347_4469409557140595335_n
594070700_2574731792921346_4324884615819911132_n

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84