№4 арнайы балабақшасында 2025-2026 оқу жылының, оқу кезеңі басталды. Балабақшаның жылдық жоспарына және «Адал азамат» біртұтас бағдарламаның медиа жоспарына сәйкес «Отбасы күні!» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіну; Отбасы мүшелерінің арасындағы, бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру;
Күн тәртібінде қаралған сұрақтар:
1. 2025-2026 оқу жылының балабақша туралы мәліметі, ата- аналар комитетін сайлау. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру. Директор-А.Б.Кенжегараева
2. Балабақша күн тәртібімен, тамақтанумен, қауіпсіздікпен, екпе және аурулардың алдын алуымен таныстырды. Медбике -Д.Т.Тулебаева
3. Балабақша психиатры - К.К.Хасанов
4. «Онихофагия» Саусақ терісімен тырнақты тістеу нені білдіреді? «Қиял әлемі» тренинг. Педагог-психолог-М.Э.Нисенбаева.
5. Әр түрлі мәселелер.
Жиналыс соңында ата-аналар өте қажет ақпарат алғандарын айта отырып, арнайы балабақша педагогтеріне ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта жоспарланған іс-шараларға белсенді қатысатынын айтты.