Меню

«Біздің табиғат бұрышымыз»

№4 арнайы балабақшасының 2025-2026 оқу жылының жоспарына сәйкес, «Біздің табиғат бұрышымыз» тақырыбында балабақша ішілік топтар арасында байқау өткізілді.

Байқаудың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру құралы ретінде табиғат бұрыштарын танымал ету; бұл ереже мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу және оқыту құралы ретінде табиғат бұрышының маңыздылығын арттыру; мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес мектепке дейінгі мекеменің пәндік-дамыту ортасын жақсарту;

Балабақша тәрбиешілері байқауға белсенді қатысып, шығармашылық қабілеттерін шыңдады. Байқау нәтижесінде әр топтың табиғат бұрышы қажетті құралдармен толықтырылып, экологиялық тәрбие беру барысында әр түрлі жаңартылған дидактикалық ойындар және зертханалық бұрыштар жасақталды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша:

1 орын - №7 «Күншуақ» тобы

2 орын - №11 «Капельки» тобы

2 орын - №3 «Көгершін» тобы

3 орын - №4 «Алтын сақа» тобы

3 орын - №10 «Түймедақ» тобы

3 орын - №5 «Қарлығаш» тобы

«Жасыл әлемді қорғаушы» номинациясымен №1 «Құлыншақ» тобы марапатталды.

Жаңалықтар

15 қазан 2025, 06:21
Ата-аналар жиналысы
12 қазан 2025, 06:31
Сенбілік

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84