Жыл сайын Қазақстандықтар 30-тамызда Конституция күнін атап өтеді. Биыл еліміздің Ата заңына 30 жыл толғалы тұр. Тәуелсіздік жылдары Конституцияға алты рет өзгеріс енгізілді.
Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Мерекеге орай №4 арнайы балабақшасының мектепалды және ересек топтар арасында «Ата заң-еліміздің тірегі, Тәуелсіздігіміздің тұрағы» атты тақырыптық сабақтар өтті.
Мақсаты: Ата заңы туралы тәрбиеленушілердің түсініктерін кеңейту; Отанын қорғауға, сүюге еліміздің рәміздерін қастерлеп, халқымыздың әдет-ғұрып, салт- дәстүрін сақтап, Ата заңымызды құрметтеп, ұлтжандылыққа, достыққа тәрбиелеу; сұрақ беру арқылы балалардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру.