Меню

Хабарландыру

Маңғыстау облысы білім басқармасының "№4 арнайы балабақша" КММ-сі 2025-2026 оқу жылында ҚР Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығын негізге ала отырып, қажетті уақытша бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды.

Қажетті маман:

Тәрбиеші (2- қазақ тілінде).

Музыка жетекшісі (1-қазақ тілінде)  Конкурсқа қатысуға ықыласы бар үміткерлер конкурс жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде төмендегі құжаттар тізбесін жинақтап, 22.08.2025 ж. күніне дейін комиссия хатшысы Нисенбаева Мадина (тел. +7 7085400397) тапсыруларыңыз сұралады.

Мамандарды қабылдау комиссиясының отырысы 25.08.2025ж. күні өткізіледі.

Конкурсқа қатысатын педагогтерге қажетті құжаттар тізімі:

15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

Педагогтер мен мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020ж. 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).

Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

Наркологиялық ұйымнан анықтама;

Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

532438550_2471352053259321_8044801724320488783_n

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84