Меню

1 Маусым - Балаларды қорғау

№4 Арнайы балабақшасында бүгін 1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған «Бар мейіріміміз балаларға!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мақсаты: «1 Маусым Балаларды қорғау» мерекесін сезіндіру, мерекелік көңіл күй сыйлау; балалық шақтарын бақытты өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге қолайлы орта жасау.

Бүгінгі мерекелік шараға балабақшамызға тәрбиеленушілерді құттықтауға «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы орынбасары Шамшадинова Анар Амангелдіқызы және Голунов Василий Николаевич басқарып отырған «Компания «Шин Лайн» супервайзері Гульмира Ербаевна қатысты.

Педагогтер қызметінің маңыздылығын ескере отырып «AMANAT» партиясы барлық тәрбиешілерді алғыс хатпен марапаттады. 

Балаларға жақсы тілектерін айта отырып, «Компания «Шин Лайн» тәттілер ұсынды. 

Балабақша тәрбиеленушілері мерекелік шараны тамашалап, келген киіпкерлермен қызықты ойын ойнап, би билеп, ән салды. 

Балабақша директоры А.Б.Кенжегараева баларды мерекесімен құттықтап, қатысқан қонақтарға жылы лебізін білдіріп, алғыс айтты. 

Жаңалықтар

06 шілде 2025, 12:16
Астана Күнімен!
27 маусым 2025, 07:22
«Жаз да келді көңілді!»
27 маусым 2025, 07:19
Күн сәулесінен қорғану

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84