Меню

«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі»

«АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ», «ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ КАБИНЕТІНІҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЛАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ АҚПАРАТЫ

Ағымдағы жылдың 14-15 мамыр күндері Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2025 жылға іс-шаралар жоспарына сәйкес, арнайы білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері арасында «Арнайы мектептің үздік педагогі», «Арнайы балабақшаның үздік педагогі», «Оңалту орталығы, Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің үздік педагогі» республикалық байқауларының облыстық кезеңі сырттай өткізілді.

Мақсаты: арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогтерінің кәсіби шеберлігін дамыту.

Байқауға 12 білім беру ұйымынан 22 маман қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша төмендегідей жүлделі орындар тағайындалды:

«Арнайы балабақшаның үздік педагогі» байқауы бойынша:

І орын –Боярская Наталия Валентиновна, №1 арнайы балабақшаның логопеді;

ІІ орын – Жандильдина Жібек Бақытқызы, №4 арнайы балабақшаның дефектологі;

«Арнайы балабақшаның үздік тәрбиешісі» байқауы бойынша:

ІІ орын – Оразалиева Зульфия Ещанқызы, №4 арнайы балабақшаның тәрбиешісі;

«Арнайы мектептің үздік педагогі» байқауы бойынша:

І орын – Тәңірбергенова Ақтоты Есенқызы, №2 арнайы мектебінің дефектологі;

ІІ орын – Шүкірбаева Күнсұлу Бисенбайқызы, №3 арнайы мектебінің педагог-психологі;

ІІІ орын – Ислам Майра Қалыбекқызы, Жаңаөзен арнайы мектебінің педагог-психологі.

«Арнайы мектептің үздік мұғалімі» байқауы бойынша:

І орын – Турниязова Маржан Көбешқызы, №2 арнайы мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

ІІ орын – Рахышова Зульфия Серікбайқызы, №3 арнайы мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

«Оңалту орталығы, Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің үздік педагогі» байқауы бойынша:

ІІ орын – Сатқан Наргиз Қалиоллақызы, Мұнайлы ППТК, педагог-дефектолог;

ІІІ орын – Жетжанова Жансая Ерсайынқызы, Түпқараған ППТК, педагог-психолог;

«Оңалту орталығы, Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің үздік тәрбиешісі» байқауы бойынша:

ІІІ орын – Шонаева Жанар Раисқызы, Мұнайлы ППТК, тәрбиеші.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Байқаудың республикалық кезеңіне қатысатын педагогтерге сәттілік тілейміз!

498030619_18056177276225935_4571518595725451874_n
498234409_18056177285225935_3523259397999568787_n

Жаңалықтар

06 шілде 2025, 12:16
Астана Күнімен!
27 маусым 2025, 07:22
«Жаз да келді көңілді!»
27 маусым 2025, 07:19
Күн сәулесінен қорғану

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84