Меню

№4 Арнайы балабақшасының түлектері үшін ерекше күн! 

Тәрбиеленіп жүрген бүлдіршіндеріміз өсіп, ер жетіп, өмірге үлкен жолдама алып мектепке барғалы жатыр. Балабақшада тәлім-тәрбие алып, өмірлері шат күлкіге толы талай мерекелер өтті. 

Мектепалды топтар арасында, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес «Білімім - Отаныма!» атты ертеңгіліктер өтуде.

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерінің, ой-өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, балаларды үлкен өмірге қадам басуға даярлау. Адамгершілікке, достыққа, бауырмалдыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. 


«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84