Меню

Хабарландыру

Маңғыстау облысы білім басқармасының “Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған №4 арнайы балабақша” КММ-сі 2024-2025 оқу жылында ҚР Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығын негізге ала отырып, қажетті уақытша бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды.

Қажетті маман:

- Тәрбиеші (3 - қазақ тілінде).

- Музыка жетекшісі (1 - қазақ тілінде)

- Дене шынықтыру нұсқаушысы (1 - қазақ тілінде)

Конкурсқа қатысуға ықыласы бар үміткерлер конкурс жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде төмендегі құжаттар тізбесін жинақтап, 22.05.2025 ж. күніне дейін комиссия хатшысы Гулден Орынбасарқызына (тел. +7 701 104 7504) тапсыруларыңыз сұралады.

Мамандарды қабылдау комиссиясының отырысы 23.05.2025ж. күні өткізіледі.

Конкурсқа қатысатын педагогтерге қажетті құжаттар тізімі:

- 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

- Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

- Педагогтер мен мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

- Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020ж. 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).

- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

- Наркологиялық ұйымнан анықтама;

- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

- ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

497127288_2390312881363239_2269068912372241032_n

Жаңалықтар

13 мамыр 2025, 06:32
Хабарландыру
12 мамыр 2025, 06:24
«Мақатаев оқулары»
07 мамыр 2025, 06:20
«Біз Отанның сарбазы»
01 мамыр 2025, 06:02
«Достығымыз жарасқан»

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84