Меню

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз құтты болсын!

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ еліне Жаңа Жыл келді.

Біздің балабақшада Наурыз мерекесіне арналған барлық топтарда ертеңгіліктер өткізіліп,тәрбиеленушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында әсем әндер шырқалып, ұлттық ойындар ойналып, салт-дәстүрлер көрсетілді. Көктемгі іс-шараға ата-аналар мен демеушілер қатысты.

Көп жылдар бойы балалардың толыққанды дамуына үлес қосып жүрген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы атынан офицер Азамат Ерікұлы қатысып, балабақша ұжымы мен тәрбиеленушілерді Амал мерекесімен құттықтап жылы лебіздерін жолдады. 

Балабақшаға тәрбиеленушілерге ұлттық тәрбие беру мен дәріптеу мақсатында «Ұлттық құндылықтар» атты тақырыбында стенд табыстады. 

Балабақша директоры және педагогтер демеушілерге жақсы тілектер мен алғысын білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от №4 Арнайы Балабақша (@aktau_sds4)

Жаңалықтар

01 мамыр 2025, 06:02
«Достығымыз жарасқан»
01 мамыр 2025, 05:59
«Ұлттар достығы»
30 сәуір 2025, 06:06
«Әжемнің ертегісі»

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84