Маңғыстау облысы білім басқармасының «Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған №4 арнайы балабақша» КММ-сі 2024-2025 оқу жылында ҚР Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығын негізге ала отырып, қажетті уақытша бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды.
Қажетті маман:
Конкурсқа қатысуға ықыласы бар үміткерлер конкурс жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде төмендегі құжаттар тізбесін жинақтап, 10.10.2024 ж. күніне дейін комиссия хатшысы Гулден Орынбасарқызына (тел. +7 701 104 7504) тапсыруларыңыз сұралады.
Мамандарды қабылдау комиссиясының отырысы 11.10.2024ж. күні өткізіледі.
Конкурсқа қатысатын педагогтерге қажетті құжаттар тізімі:
- 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020ж. 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
- ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.