Меню

Ата-аналар жиналасы

№4 арнайы балабақшасында 2024 жылдың оқу кезеңі басталды, сонымен қатар топтардың ата-аналармен жылдық жоспарына сәйкес ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс дәстүрлі емес форматта ұйымдастырылды. Күн тәртібінде қаралған сұрақтар: ағымдағы оқу жылының мақсаты мен міндеттерімен таныстыру, талқылау; ата-аналармен бірлескен іс-шаралардың жылдық жоспарын талқылап бекіту; үйде және көшеде балаларға тиісті қауіпсіздік шараларын сақтау; Сонымен қатар арнайы мамандар үй жағдайда балалармен түзету дамыту жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдерімен таныстырды. Педагог-психолог баланың балабақшада тез арада бейімделуі туралы пайдалы кеңес берді, қызықты треннигтер өткізді.

Жиналыс соңында ата-аналар өте қажет ақпарат пен кеңес алғандарын айта отырып, арнайы балабақша педагогтеріне ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта жоспарланған іс-шаралар белсенді қатысатын айтты.

Жаңа оқу жылында толағай жетістіктер көп болсын!

461257315_17903054394029636_1074069377918469417_n
461267615_17903054391029636_1710479447178073033_n
461415363_17903054397029636_7853560981614626689_n

Жаңалықтар

13 мамыр 2025, 06:32
Хабарландыру
12 мамыр 2025, 06:24
«Мақатаев оқулары»
07 мамыр 2025, 06:20
«Біз Отанның сарбазы»
01 мамыр 2025, 06:02
«Достығымыз жарасқан»

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84