Меню

«Отбасы күні»

Қазақстан Республикасының қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып жарияланды. Осыған байланысты №4 арнайы балабақшада тәрбиеленушілердің бойында отбасына, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Мықты отбасы - мықты мемлекет» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер өте жақсы қатысып, көтереңкі көңіл күйде болды. Іс-шара соңында отбасыларына тілек сөздері айтылды.

«Отбасы күніне» арналған іс-шараға көп жылдар бойы балабақшаға демеушілік білдіртіп жүрген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Бапан Ғани Әбдіманапұлы қатысып, балаларды жылы тілектермен құттықтап, департамент басшысы Амиров Серік Амирұлының атынан тәтті сыйлықтар мен барлық топтарға дамытушы ойыншықтарды тәрбиеленушілерге табыстады.

№4 Арнайы балабақша ұжымы демеушілерге үлкен алғыс білдіре отырып, ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы Амиров Серік Амирұлына және ұжымына мықты денсаулық, отбасылық бақыт пен жақсылық болсын деген ізгі тілек тілейміз.

#маңғыстауоблысдепартамент
#маңғыстауоблысбілімбасқармасы
#арнайыбалабақша
#отбасыкүні

458392438_2182598818801314_8100629358564099251_n
458502249_2182598822134647_2318979349725816905_n
458726791_2182598815467981_5383384586053138124_n

Жаңалықтар

01 мамыр 2025, 06:02
«Достығымыз жарасқан»
01 мамыр 2025, 05:59
«Ұлттар достығы»
30 сәуір 2025, 06:06
«Әжемнің ертегісі»

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84