Меню

«Бағдаршам күні»

Жазғы сауықтыру кезеңінің жоспарына сәйкес, маусым айының үшінші аптасында «Қауіпсіз жаз» тақырыбында, балабақша ауласында «Бағдаршам күні» атты ойын сауық іс-шарасы өтті.

Мақсаты: бала сезімін кеңейтіп, тілін ұштастырып, жол ережесін жасына сай меңгерту; көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйрету, сақтыққа тәрбиелеу;

Бағдаршам күніне балабақшаға жол полициясы қонаққа келіп, балалардың жол қауіпсіздігі туралы білімін арттыруға тамаша мүмкіндік берді. Бұл іс-шара барысында жол полиция қызметкері балаларға жолда жүру ережелерін түсіндіру, сонымен қатар жаяу жүргіншілер өткелін дұрыс пайдалану туралы мәлімет берді.

Келген қонаққа ризашылығымызды білдіріп, балалар бағдаршам туралы тақпақтарын айтты.



Жаңалықтар

13 мамыр 2025, 06:32
Хабарландыру
12 мамыр 2025, 06:24
«Мақатаев оқулары»
07 мамыр 2025, 06:20
«Біз Отанның сарбазы»
01 мамыр 2025, 06:02
«Достығымыз жарасқан»

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84