Әдістемелік кеңестің 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жоспарына сәйкес «Жылдық оқыту мен тәрбиелеу жұмысының қорытындысы» тақырыбында отырыс өткізілді.
Отырыста жылдық оқу жоспары міндеттерінің орындалуы туралы қорытынды талдау жасалып,өзіндік білім көтеру бойынша педагогтер есеп берді. Келесі оқу жылындағы педагогтерге арналған мақсат-міндеттер айқындалды: аттестаттау бойынша педагогтер тестке нақты дайындалып, құжаттарын жүйелі ретке келтіру;озат тәжірибені жинақтау, насихаттау жұмыстары жүйелі жүзеге асыру; педагогтердің өзара сабақтарға, семинарларға, вебинарларға белсенді қатысу;педагогтердің арнайы білім беру мекемелер арасындағы республикалық,облыстық байқауына қатысуға дайындалып, жүлделі орындарға иелену.
Оқу жылының жұмыс қорытындылар нәтижесінде мадақтауға педагогтердің кандидатуралары ұсынылды.
Отырыс соңында педагогтерді оқу жылының аяқталуымен құттықтап,еңбек дамалысының сәтті өттуіне тілек білдірілді.