№4 Арнайы балабақшасында бүгін 1-маусым Балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мақсаты: «1-Маусым Балаларды қорғау» мерекесін сезіндіру, мерекелік көңіл күй сыйлау; балалық шақтарын бақытты өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге қолайлы орта жасау;
Бүгінгі мерекелік шараға балабақшамызға алғаш рет демеушілік білдіріп АО Халық банк Маңғыстау облыстық филиалының директоры Нұрлыбек Ержігітұлы қатысып, балаларды мерекесімен құттықтады. Балалардың танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында өздерінің тарапынан үлес қосу мақсатында демеушілер балалардың ойын әрекетінде қолдануға арналған ойыншықтарды сыйға тартты.
Ата-аналарда сөз алып демеушілерге жылы лебіздерін білдірді. Балалар ән айтып, би билеп қуанышпен әсерге бөленді.
Балабақша ұжымның және ата-аналардың атынан АО Халық банк Маңғыстау облыстық филиалының директоры Нұрлыбек Ержігітұлына және сіз басқарып отырған ұжымға алғысымызды білдіріп, мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, еңбегіңізге табыс тілейміз.