Мақсаты: Балаларға 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру; балаларды Отанын қорғауға, батырлардың ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да ержүрек болуға үйрету; елін, жерін қорғай білуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Мерекелік іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері, тәрбиеленушілеріміздің аталары Абделбари Мұхаммеджанұлы мен Тохтарбай Бекмырзаұлы және көп жылдар бойы балабақшамызға демеушілік білдіріп жүрген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің атынан офицері Азамат Ерікұлы қатысты. Қонақтар бүлдіршіндердің Отан қорғаушылар күніне арналған ән,би және тақпақтарын тамашалап, риза болды. Мереке соңында ардагерлер жақсы тілектерін айттып, сондай ақ демеушілердің атынан бүлдіршіндерге өскенде отанын қорғайтын, білімді, шымыр, епті азамат болыңыздар деп тілектерін білдірді.