Меню

Берік отбасы-қоғамның тірегі

Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Тәрбиесі мол бала ғана тереңге тамырын жаяды. Әрбір ата-ана баласының табанына кіргенше өзінің маңдайына кіргенін қалайды. Алайда өмірдің өз дегені бар. Ерекше балаларды бағып-қағып, әлі жеткенше тәрбиелеп, оңалтып отырған ата-ананың жай -күйін түсіну одан да қиын. Ондай ата-ана ең алдымен қолдауға, түсінікке, мейірімге мұқтаж. Баласының диагнозын естігенде мойымай, одан әрі дами бастаған. Мектеп жасына дейінгі баланың толыққанды, жеке дамуы үшін ересектермен үнемі бірлескен іс-әрекет қажет, ол тек отбасының баланың білім алуына қатысқанда ғана мүмкін болады.

№4 арнайы балабақша ата-аналары тәрбиелеу және білім беру процессіне белсенді қатысады. Педагогтер ата-аналарды тәрбиелеу және білім беру процессіне тарту мақсатында заманауи әдіс-тәсілдерді қолданады. Балабақшада өткізілетін іс-шараларға белсенділік танытып жүрген - №6 «Айгөлек» тобы, №7 «Күншуақ» тобы, №10 «Ромашки» тобының ата-аналары. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған кешенді жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Қыркүйек айында «Әкем– асқар тауым» бірлескен іс – әрекет өткізілді. Балаларды отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату.

Қазан айында «Бір отбасы – бір кітап» челлендж ұйымдастырылды. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге тәрбиелеу.

Қараша айында «Екі жұлдыз» байқауына ата-аналар сахналық киімдеріне үлкен үлес қосты.

Ата-аналарды балабақшаның қоғамдық өміріне тарту арқылы олардың оң көзқарасын арттыру.

1
2
3
4
5

Жаңалықтар

01 мамыр 2025, 06:02
«Достығымыз жарасқан»
01 мамыр 2025, 05:59
«Ұлттар достығы»
30 сәуір 2025, 06:06
«Әжемнің ертегісі»

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84