№4 Арнайы балабақшасында 17.01.2024ж күні атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру мақсатында жалпы жиналыс өтті. Жиналысқа ардагер педагог Торубарова С.З. және педагогтер мен қызметкерлер қатысты. Күн тәртібінде маңызды үш мәселе қаралды.
1. Директордың 2023 жылғы жұмысы бойынша есебі.
Директор: А.Кенжегараева
2. Кәсіподақтың жылдық жұмысы туралы есебі. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы: Б.Турмаганбетова
3. Педагог этикасы. Педагогикалық әдеп кеңесінің төрайымы: С.Муратова.
Балабақша директоры 2023 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылғандығын баяндады. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың өндіріс қажеттілігіне қарай игерілуі жөнінде есеп берді.
Балабақшаның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы жыл бойы өткізілген іс-шаралар мен жұмсалған қаражат туралы дәлел құжаттармен есеп берді.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы»ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалы, бастауыш кәсіподақ ұйымындағы материалдық жағдайы ең төмен кіші қызметкерлер үшін жаңа жылдық акция 27.12.2023 ж. ұйымдастырылды. Біздің ұйымнан қызметкер жолданып алғысын білдірді.
Педагогикалық әдеп кеңесінің төрайымы білім беру ұйымдарында педагогикалық әдепті сақтауды қамтамасыз ету және педагогикалық әдепті бұзуға ықпал еткен себептер мен жағдайларды дұрыс талдап, педагогтердің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарауы үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу қажет екендігіне тоқталды.
Жиналыс шешімі:
1. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша кешенді жоспарға сәйкес іс-шаралар толық орындалсын.
2. 2024-2026 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың жобасы талқыланып бекітуге жолдансын.
3. Педагогтердің тәртіптік жауапкершілігі мен педагогикалық этика нормалары мен ережелері сақталсын.
#mangystau_obl_bilim_baskarmasy