Меню

2023 жылы Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған №4 арнайы балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жетілдіру бойынша  ауқымды жұмыстар атқарылды.

2023-2024 оқу жылына 158 бала балабақшаға қабылданды. Осының ішінде Есту қабілеті бұзылған-9 бала, психикалық дамуы тежелген-102,  және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балалар-47. Бүгінгі таңда балабақшада 39-педагог қызметін атқарып отыр. Оның ішінде педагог- зерттеуші -1, педагог- сарапшы-1, педагог- модератор-15, жоғары санат-4, бірінші санат-2, екінші санат-5, санатсыз -11.

2023 жылы балабақшаның біліктілік арттыру курстарынан 11 педагог өтті.

№4 арнайы балабақшасында облыстық семинар ұйымдастырылып өткізілді. Тақырыбы: «Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие және дамыту процесін ұйымдастыру». 24.02.2023ж. Семинарға қатысқан аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері, тәрбиешілері мен арнайы мамандары тәжірибе алмасып жақсы пікір қалдырды.

Білім беру оқу-әдістемелік орталығы облыстық семинар ұйымдастырылған семинарына №4 арнайы балабақша педагог-дефектолог Жандильдина Ж.Б. «Гипербелсенді синдромы бар балалардың танымдық үрдістерін дамыту» тақырыбында баяндама оқыды.

Осы оқу жылында «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жоспары бойынша мектепке дейінгі мектепалды топтар ұлттық мұраны қастерлеуге,қазақ тілін, ұлттық мәдениетті құрметтеу мақсатында «Әкем асқар тауым», «Қазақшаң қалай, балақай?», «Бір отбасы-бір кітап», «Менің елім-Қазақстаным», «Шынықсаң шымыр боласың», «Екі жұлдыз» жобалармен жұмыстар жасалып жатыр.  Маңғыстау облысы «Білім берудің оқу-әдістемелік  орталығы»  ұйымдастырған «Үміт» фестиваліне біздің балабақшамыздың 25 тәрбиеленушілері өз өнерін көрсетті. Барлық қатысушылар жүлдері орын алып, сыйлық сертификаттарымен марапатталды. Арнайы балабақша педагогтері сырттай байқауларға өз тәрбиеленушілерін үнемі қатыстырады:

- ҚР Оқу-Ағарту Министрлігі Республикалық «Абай оқулары» конкурсы. ІІ орын - 2 бала.

- ҚР Оқу-Ағарту Министрлігі Республикалық «Ілияс оқулары» конкурсы. Бас жүлде-1 бала.

- ҚР Ақпарат және Қоғамдық Даму Министрлігі Murager Education- «МҰРАГЕР» Республикалық журналы диплом Іорын- 2 бала.

- Астаналық оқу-әдістемелік орталық «Абай оқулары» дипломы. І орын-1 бала.

Тәрбиешілер  мен арнайы мамандар өз мақалаларын, озық тәжірибесін, сабақтарын республикалық, облыстық газеттер мен журналдарға жариялады.

Балабақшада  ата-аналармен жақсы қарым-қатынасты нығайту мақсатында жиналыстар, «Ашық есік күні»,  психолог, логопед, дефектолог  маманыдарымен кездесу жұмыстары үнемі ұйымдастырылады.

Алдағы жаңа жылда балабақша ұжымы мекемеміздің тәрбие және білім беру бойынша іс-шаралар атқару жалғасын табады.

1
2
3
4
5
6
7
8
9

Жаңалықтар

01 мамыр 2025, 06:02
«Достығымыз жарасқан»
01 мамыр 2025, 05:59
«Ұлттар достығы»
30 сәуір 2025, 06:06
«Әжемнің ертегісі»

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84