Меню

№4 Арнайы балабақшада «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» кешенді жоспарына сәйкес ұйымдастырылған іс-әрекет пен іс-шаралар өткізілді

Тәуелсіздік күнін мерекелеудің әрбір қазақстандық үшін ерекше мәні мен мағынасы бар. Тәуелсіздік тарихына, оның табыстары мен жетістіктерін құрметтеуге, Отанына адалдық, патриоттық рух қалыптастыруға бағытталған № 4 Арнайы балабақшада «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» кешенді жоспарына сәйкес ұйымдастырылған іс-әрекет пен іс-шаралар өткізілді.

Мақсаты:мектеп жасына дейінгі балаларда азаматтық негіздері мен патриотизмді қалыптастыру, туған өлке, ел, Отан, мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту.

Міндеттері:

- өздері тұратын қала мен ауыл, еліміздің астанасы туралы білімдерін жетілдіру;

- балаларды айналасындағы ересектердің жақсы көретінін, оған әрқашан қамқорлық танытатынын білдіре отырып, өзінің туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту;

- еліміздің жетістіктеріне мақтаныш сезімін, мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, әнұран) құрметпен қарауға тәрбиелеу.





Жаңалықтар

13 мамыр 2025, 06:32
Хабарландыру
12 мамыр 2025, 06:24
«Мақатаев оқулары»
07 мамыр 2025, 06:20
«Біз Отанның сарбазы»
01 мамыр 2025, 06:02
«Достығымыз жарасқан»

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84