Меню

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына және облыстық орталық кітапханаға №10 ересек топ балалары ата-аналарымен бірге саяхат жасады

№4 арнайы балабақшасында ағымдағы жылдың жылдық жоспарына сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру» жобасы бойынша «Туған жер» облыстық тарихи-өлкетану мұражайына және облыстық орталық кітапханаға №10 ересек топ балалары ата-аналарымен бірге саяхат жасады.

Мақсаты:

  • Балаларды туған өлкесінің тарихи-мәдени ескерткіштерімен таныстыру, ұлттық мұраларға деген көзқарастарын кеңейтуге, өз тарихын қастерлей білуге тәрбиелеу;
  • Балаларды оқулықты құрметтей білуге, кітаптарды ұқыпты ұстауға баулу, балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту.

Балалар көптеген кітаптардың ішінен өзіне ұнаған кітаптарға қызығушылықпен қарап, танысты. Мұражай көрмелеріндегі тарихи ескерткіштерді де тамашалап, балалар ерекше әсер алды. Мұражай нұсқаушысы балалармен мәдени құндылықтар, қолөнер туындылары туралы қызықты әңгімелесу жүргізді.

Жаңалықтар

01 мамыр 2025, 06:02
«Достығымыз жарасқан»
01 мамыр 2025, 05:59
«Ұлттар достығы»
30 сәуір 2025, 06:06
«Әжемнің ертегісі»

«Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген
және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған
№4 арнайы балабақшасы»
8 (7292) 31-38-84