«Әкем - асқар тауым»
№4 арнайы балабақшасында ағымдағы жылдың жылдық жоспарына сәйкес, «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру» жобасы бойынша «Әкем - асқар тауым» атты «Айгөлек» ортаңғы топ балалары мен әкелері бірлескен жұмысын бейнежазбадан көруге болады.
Мақсаты:
- Балаларды отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату, ата-аналарды топтың қоғамдық өміріне тарту арқылы олардың балабақшаға деген оң көзқарасын арттыру.
- Әке - ұлы күш пен сабырлықтың иесі. Әке баласының физикалық және рухани тұрғыдан мықты болып өсуіне көп мән беру керек. Сондай-ақ ұқыптылық, адалдық, мейірімділік, өзгелерге жақсылық жасау секілді адами қасиеттерді ақыл айтып емес, әке өзінің іс-әрекетімен көрсетсе бала санасында мәңгі есте қалады.